www.bank-ombudsman.kz
office@bank-ombudsman.kz
+7 (727) 261-22-16
+7 (708) 983-30-16
+7 (727) 983-30-16
ЖАҢАЛЫҚТАР Ескі жаңалықтар
Шілде 14, 2021

9-14 шілде аралығында банк омбудсманының кезекті сайлауы балама негізде өтті. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банк омбудсманын Өкілдер Кеңесі 2 жыл мерзімге, жасырын дауыс беру арқылы сайлайды. Кеңес құрамына Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (уәкілетті орган), ипотекалық портфелі бар екінші деңгейлі банктердің, «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» ипотекалық ұйымының, «Ел бірлігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері кіреді. 
Заң бойынша Кеңестің әрбір өкілі бір ғана дауысқа ие. Дауыстар тең болған жағдайда Уәкілетті органның дауысы шешуші болып табылады. Бұл жолы да дауыс беру құпиясын бұзудың қажеті болмады - Ерсерік Сыйырбаев дауыстардың басым көпшілігімен банк омбудсманы болып қайта сайланды.

 

Автор: Банк омбудсманының кеңесшісі Бахтахунов Б.

 

Басқада жаңалықтар