www.bank-ombudsman.kz
office@bank-ombudsman.kz
+7 (708) 983-30-16
+7 (727) 983-30-16
ЖАҢАЛЫҚТАР Ескі жаңалықтар
Мамыр 19, 2022

Нұр-Сұлтан, 2022 жылғы 18 мамыр – Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл Эльвира Әзімова мен Банк омбудсманы Ерсерік Сийрбаев адам құқықтарын қорғау саласындағы одан әрі ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Банк омбудсманының мандаты «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында реттелген.

Омбудсмандар банк омбудсманының қатысуымен Қаржылық келіспеушіліктерді реттеу барысында адам құқықтарын қорғаудың практикалық мәселелерін және дауларды сотқа дейінгі реттеу кезеңіндегі оның рөлін күшейту жолдарын талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша омбудсмандар адам құқықтарын қорғау мәселелері бойынша азаматтардың өтініштерін қарау кезінде ынтымақтастық пен өзара консультациялар туралы уағдаласты.

Кездесу барысында азаматтардың шағымдары мен өтініштерін қарау кезінде заңдылықты сақтауға, халыққа қызмет көрсету саласында, оның ішінде банк дауларын сотқа дейін реттеуге қатысатын басқа да субъектілердің қатысуымен азаматтардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру қажеттігіне баса назар аударылды.

Эльвира Әзімова түркі мемлекеттері омбудсмендерінің омбудсмендер қауымдастығын және ұлттық құқық қорғау мекемелерін құруы туралы айтып берді. Аталған қауымдастық адам құқықтары жөніндегі омбудсмендердің ғана емес, сондай-ақ басқа да ұлттық құқық қорғау мекемелерінің күш-жігерін біріктіруге бағытталған.

 

 

Сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman/press/news/details/374092?lang=kk

Басқада жаңалықтар