www.bank-ombudsman.kz
office@bank-ombudsman.kz
+7 (727) 261-22-16
+7 (708) 983-30-16
+7 (727) 983-30-16
ЖАҢАЛЫҚТАР Ескі жаңалықтар
Қараша 01, 2023

1 қарашада Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының Үрімжі қаласында Қытай тарапының шақыруымен Қазақстан Республикасының Банк омбудсманы Дархан Нұрпейісов «Қытай-Орталық Азия 2023» форумына қатысты.

Форум Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы арбитраж, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және ынтымақтастық саласындағы, соңғы жаңалықтарды талқылау үшін халықаралық құқық сарапшыларын, ғалымдар мен практиктерді біріктіретін маңызды оқиға болып табылады.

Форумда Дархан Нұрпейісов Қазақстан Республикасының банк омбудсманы институтын таныстырды. Ол банк омбудсманының рөлі, өкілеттіктері мен міндеттері, оның қызметінің құықықтық негіздері және Қазақстандағы банк омбудсманы институтын одан әрі дамыту жоспарлары туралы айтты.

Баяндама тақырыбы аудитория үшін қызықты болды, өйткені Қазақстан Орталық Азиядағы банк омбудсманы институты кредиторлар мен қарыз алушылар арасындағы келіспеушіліктерді сотқа дейінгі реттеудің тәуелсіз сотқа дейінгі құралы ретінде табысты жұмыс істейтін жалғыз мемлекет болып табылады.

Басқада жаңалықтар