www.bank-ombudsman.kz
office@bank-ombudsman.kz
+7 (727) 261-22-16
+7 (708) 983-30-16
+7 (727) 983-30-16
ЖАҢАЛЫҚТАР Ескі жаңалықтар
Желтоқсан 05, 2023

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Тимур Сүлейменов Банк омбудсманы Дархан Нұрпейісовпен кездесті.

Кездесуде Банк омбудсманы Ұлттық Банк басшысына өз қызметі туралы өзекті ақпаратты таныстырып, банктік несиелер бойынша келіспеушіліктерді шешу кезінде туындайтын мәселелерде тоқталды.

Банк омбудсманы институты 2011 жылы ақпан айында Қазақстан Республикасының 2011 жылы 10 ақпандағы №406-IV Заңына өзгертулер «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ипотекалық кредит беру және қаржылық қызметтерді тұтынушылар мен инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» енгізілген. Құрылғанына 12 жылдан астам уақыт өтті, және осы уақыт ішінде елдегі экономикалық жағдай өзгеріп қана қоймай, екінші деңгейлі банктердің халыққа қызмет көрсету деңгейі де айтарлықтай кеңейді.

Банк омбудсманның шешімдері банктер үшін тек ипотекалық несиелер бойынша туындаған келіспеушіліктер үшін міндетті болып табылады, бұл ретте олар көбінесе банктік қызметтердің басқа түрлері бойынша шарттық міндеттемелерді бұзудың салдары болып табылады. Сондықтан Банк омбудсманының құзыретін кеңейту және заңнаманы жетілдіру қажеттілігі тақырыбын Банк омбудсманы көтерді.

Басқада жаңалықтар