www.bank-ombudsman.kz
office@bank-ombudsman.kz
+7 (727) 261-22-16
+7 (708) 983-30-16
+7 (727) 983-30-16
ЖАҢАЛЫҚТАР Ескі жаңалықтар
Желтоқсан 13, 2023

2023 жылғы 13 желтоқсан күні Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Департаментінде азаматтардың құқықтарын қорғау, мемлекеттік органдар мен азаматтардың өзара іс-қимылы, сондай-ақ тәжірибе алмасу мәселелерін талқылауға бағытталған кездесу өтті.

Алматы қаласы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Малдыбаев Қазыбек Малдыбаевич, Қазақстан Республикасының сақтандыру омбудсманы Яковенко Игорь Александрович, Қаржы омбудсманы Жүрсінов Рустам Манарбеқұлы, Банк омбудсманы Нұрпейісов Дархан Қадырбайұлы, сондай-ақ әдеп жөніндегі мемлекеттік органдардың өкілдері кездесуге қатысты.

Кездесу барысында мемлекеттік органдардың, уәкілетті тұлғалардың және азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Әр спикер атқарып жатқан жұмыстары, құзыреттері мен мүмкіндіктері туралы айтты. Азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша жұмысты жалғастыру, өзара іс-қимылды күшейту және мемлекеттік қызметкерлер үшін жер-жерлерде семинарлар өткізу туралы келісімдерге қол жеткізілді.

Басқада жаңалықтар