www.bank-ombudsman.kz
office@bank-ombudsman.kz
+7 (708) 983-30-16
+7 (727) 983-30-16
ЖАҢАЛЫҚТАР Ескі жаңалықтар
Маусым 14, 2024

 

Қазақстан Республикасының банк омбудсманы Нүрпейісов Дархан Қадырбайұлы, 2-ші Орталық-Азия халықаралық заңды форумына қатысты. «Құқық аймақтық экономикалық интеграцияның негізі ретінде» тақырыбы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, О.Е. Кутафин атындағы Мәскеу Мемлекеттік заң университеті, және Ресей Федерациясының Сыртқы Істер Министрлігінің Мәскеу Мемлекеттік халықаралық қатынастар институты ұйымдастырған.     

Оқиға білім беру жүйесін ғылыми-әдістемелік және ресурстық қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік тапсырма аясында өтті.     

Форум бас мамандар мен академиктерді, заң қоғамдастығы мен оқу орындарының, сондай-ақ  құқық және экономика саласындағы ыңтымақтастықты тереңдетуге мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерін жинады.     

Форум барысында қатысушылар бірінғай еуразиялық кеңістікті қалыптастырудың құқықтық негіздерін, Орталық Азия елдеріндегі көші-қонның құқықтық мәселелері, Каспий теңізінің халықаралық-құқықтық режимінің және трансшекаралық су ресурстарының өзекті мәселелері, сондай-ақ «Инновациялық құқықтану» стратегиялық жобасы аясында болашақ заңгерлерді даярлауын талқылады.   

Форум Орталық Азия аймағындағы құқықтық қатынастар мен экономикалық интеграцияны тереңдету стратегияларын талқылаудың маңызды кезеңі болды, әңірдің тұрақты дамуы мен өркендеуіне қол жеткізу үшін бірлескен күш-жігер қажеттігін атап өтті.    

Басқада жаңалықтар