10.07.2019 ж. Өкілдер Кеңесінің кезектен тыс отырысы Банк Омбудсманының мерзімінің аяқталуына байланысты өткізілді.
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-1-бабына сәйкес банк омбудсманын Өкілдер кеңесі сайлайды.
Өкілдер кеңесі құрамына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, екінші деңгейдегі банктер, ИҰ АҚ «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» және «Ел билігі» республикалық қоғамдық бірлестігі кіреді. Сайлау жасырын дауыс беру арқылы өтеді. Әрбір өкілдің бір ғана дауысы бар.
Банк Омбудсманы болып Ерерік Сиырбаев қайта сайланды.