«Халықтың шамадан тыс кредиттік жүктемесі: сотқа дейінгі реттеу және цифрлық құралдар – жүйелі шешім ретінде»

2026 жылғы 24 сәуірде «Халықтың шамадан тыс кредиттік жүктемесі: сотқа дейінгі реттеу және цифрлық құралдар – жүйелі шешім ретінде» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара  «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты бастамасымен «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» алаңында ұйымдастырылды.

Талқылауға мемлекеттік органдардың, қаржы секторының өкілдері, Алматы қаласы мәслихатының депутаттары және сарапшылар қатысты.

Банк омбудсман кеңсесі атынан Өтініштерді қарау және талдау басқармасының басшысы Руслан Ибрагимов сөз сөйледі.

Өз баяндамасында ол Банк омбудсман кеңсесіне келіп түсетін азаматтардың өтініштері бойынша ақпаратты ұсынып, негізгі үрдістерді атап өтті:

  • проблемалық берешекке байланысты өтініштердің жоғары деңгейі сақталуда
  • өтініштердің елеулі бөлігі несиелерді қайта құрылымдау және мерзімі өткен берешекті реттеу мәселелеріне қатысты
  • атқарушылық іс жүргізу және өндіріп алу рәсімдеріне қатысты өтініштер санының өсуі байқалуда
  • қаржылық жағдайы күрделі, борыштық жүктемесі жоғары азаматтардың өтініштері көбейіп келеді

Сондай-ақ негізгі жұмыс бағыттары да қамтылды:

  • қарыз алушылар мен қаржы ұйымдары арасындағы дауларды сотқа дейінгі реттеудің қолданыстағы құқықтық тетіктері
  • азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттырудағы цифрлық құралдардың рөлі

Талқылау барысында келесі маңызды мәселелер көтерілді:

  • халықтың борыштық жүктемесінің артуы
  • атқарушылық іс жүргізу мәселелері
  • берешектің азаматтардың жұмыспен қамтылуы мен әлеуметтік жағдайына әсері
  • азаматтарды бағыттайтын бірыңғай цифрлық платформаны құру қажеттілігі

Кездесу қорытындысында қатысушылар ведомствоаралық өзара іс-қимылдың маңыздылығын және халықтың кредиттік жүктемесін азайту, қаржылық тұрақтылығын арттыру үшін жүйелі цифрлық шешімдерді дамыту қажеттігін атап өтті.

Әртүрлі көзқарастарды тыңдап, мәселені бірлесе талқылау айрықша маңызды болды. Мұндай ашық диалогтар азаматтардың құқықтарын қорғаудың тиімді құралдарын қалыптастыруға ықпал етеді.

Ұйымдастырушыларға және жеке А. Кобеевaға бастама көтеріп, мазмұнды пікірталас ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіреміз.