www.bank-ombudsman.kz
office@bank-ombudsman.kz
+7 (708) 983-30-16
+7 (727) 983-30-16
ЖАҢАЛЫҚТАР Ескі жаңалықтар
Маусым 10, 2022

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары В.А.Тутушкин Ұлттық банктің Алматы қаласындағы өкілдігінде банк омбудсманы Е.Д. Сийрбаевты оның өтініші бойынша қабылдады.

Омбудсманның сапары ҚР Ұлттық банкінің назарын банк омбудсманы туралы қолданыстағы заңнаманың жай-күйіне және оны Қазақстанның қаржы нарығын дамытудың 2022-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде одан әрі жетілдіру қажеттілігіне назар аудару мақсатын көздеді.

Кездесуде омбудсман «банк дауларындағы бенефициарлар» терминін іскерлік айналымға енгізуді ұсынды, бұл келіспеушілік көздері мен оларды реттеу жолдарын түсінуді айтарлықтай жақсартады.

Бұдан басқа, банк омбудсманын әлеуметтік қолдау шараларын енгізу мүмкіндігі талқыланды, себебі банк заңнамасына сәйкес банк омбудсманының қаржы ұйымдарындағы кез келген лауазымды атқаруға, банктердің үлестес тұлғасы болуға құқығы жоқ.

Кездесу барысында омбудсман Ұлттық Банкті қызықтыратын қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы бірқатар рәсімдік сұрақтарға жауап берді.

 

Басқада жаңалықтар