Қазақстан банк секторының 2026 жылғы 1 сәуірдегі жай-күйі туралы

2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының банк секторында екінші деңгейдегі 23 банк бар, оның ішінде 15 банк шетелдік қатысумен, оның ішінде 10 еншілес банк.

Банк секторының активтері негізінен несие портфелінің 43,4 трлн теңгеге дейін 0,9%-ға өсуі есебінен ағымдағы жылғы наурызда 0,7%-ға ұлғайып (2026 жылдың басынан бері 0,3%-ға азаю), 70,5 трлн теңгені құрады.

Екінші деңгейдегі банктердің өтімділігі жоғары активтері 19,7 трлн теңгені немесе активтердің 27,9%-ын құрады, бұл банктерге өз міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Экономикаға екінші деңгейдегі банктер берген кредиттер портфелі  2026 жылғы наурызда негізінен халыққа кредит берудің өсуі есебінен 0,5%-ға ұлғайып (2026 жылдың басынан бері 0,3%-ға ұлғаю), 40,3 трлн теңгені құрады.

Ұлттық валютадағы кредиттер 0,5%-ға 36,7 трлн теңгеге дейін ұлғайды, бұл ретте шетел валютасындағы кредиттер теңге бағамының нығаюына байланысты 3,7 трлн теңгеге дейін 0,4%-ға азайды. Нәтижесінде 2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша теңгемен кредиттердің үлес салмағы 90,9%-ды құрап, 0,1 п.т. ұлғайды. 

2026 жылғы наурызда екінші деңгейдегі банктер барлығы 3,2 трлн теңгеге жаңа кредиттер берді, бұл 2025 жылғы наурызбен салыстырғанда 10,2%-ға артық.

2026 жылғы наурызда бизнес субъектілеріне берілетін кредиттер портфелі негізінен ДК қарыздарының 1,1%-ға 3,2 трлн теңгеге дейін өсуі (2026 жылдың басынан бері 2,4%-ға өсу) есебінен 15,3 трлн теңгеге дейін 0,3%-ға ұлғайды. 2026 жылғы наурызда ШОБ қарыздары 7,4 трлн теңгеге дейін 0,4%-ға ұлғайды (2026 жылдың басынан бері 8,6%-ға өсті). Өз кезегінде ірі бизнеске қарыздар портфелі 2026 жылғы наурызда жекелеген банктердегі жоспарлы өтеулерге байланысты 4,7 трлн теңгеге дейін 0,3%-ға азайды (2026 жылдың басынан бері 14,9%-ға азайды).

Салалар бөлінісінде 2026 жылғы наурызда бағыты аралас серпін байқалады. Өнеркәсіпте кредиттер портфелі 0,9%-ға 5,0 трлн теңгеге дейін, көлік саласында 6,3%-ға 1,1 трлн теңгеге дейін, басқа да қызметтерде 1,1%-ға 3,6 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Бұл ретте ауыл шаруашылығындағы кредиттер 1,6%-ға 0,5 трлн теңгеге дейін, құрылыста 1,8%-ға 0,8 трлн теңгеге дейін, саудада 1,4%-ға 4,1 трлн теңгеге дейін, ақпарат және байланыс саласында 3,6%-ға 0,2 трлн теңгеге дейін төмендеді.

2026 жылғы наурызда бизнес субъектілеріне 1,7 трлн теңге сомасында жаңа қарыздар берілді, бұл ШОБ субъектілеріне жаңа қарыздар берудің 63,7%-ға ұлғаюы нәтижесінде 2025 жылғы наурызбен салыстырғанда 23,4%-ға көп.

Халыққа берілген кредиттер 2026 жылғы наурызда 0,5%-ға 25,1 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2026 жылдың басынан бастап 1,2%-ға өсу), оның ішінде тұтынушылық қарыздар 0,5%-ға 16,9 трлн теңгеге дейін (2026 жылдың басынан бастап 1,2%-ға өсу), ипотекалық қарыздар 0,9%-ға 7,1 трлн теңгеге дейін (2026 жылдың басынан бастап 1,8%-ға өсу) ұлғайды.

2026 жылғы наурызда бизнес субъектілеріне ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша орташа өлшенген сыйақы мөлшерлемесі ШОБ кредиттері бойынша мөлшерлеменің 20,8%-дан 20,5%-ға дейін төмендеуі есебінен бір айда 0,3 п.т. 22,4%-ға дейін төмендеді. Халыққа берілген кредиттер бойынша орташа өлшенген сыйақы мөлшерлемесі тұтынушылық қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемесі 20,4%-дан 22,1%-ға ұлғаюы нәтижесінде 20,9%-ға дейін (2026 жылғы ақпанда – 19,8%) ұлғайды.

2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша банк секторы бойынша төлем мерзімі 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі (NPL90+) бар қарыздар деңгейі несиелік портфельдің 3,9%-ын немесе 1,7 трлн теңгені құрады. Халыққа берілген кредиттер портфеліндегі мерзімі өткен берешегі бар қарыздар деңгейі 4,7%-ды немесе 1,2 трлн теңгені құрады. Бизнес субъектілеріне берілген кредиттер портфелінде NPL90+ қарыздарының деңгейі 3,0%-ды немесе 545 млрд теңгені құрады.

Жұмыс істемейтін қарыздарды провизиялармен жабу жоғары деңгейде сақталуда және 61,9%-ды (01.03.2026ж. – 61,7%) құрайды.

Банк секторының міндеттемелері 2026 жылғы наурызда заңды тұлғалардың салымдарының 2,9% және РЕПО операциялары көлемінің 7,8% өсуі есебінен 0,5%- ға 59,3 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2026 жылдың басынан бастап 1,4% төмендеу). Банк секторы міндеттемелерінің құрылымында негізгі үлесті – 80,4% немесе 47,7 трлн теңгені клиенттердің салымдары алады.

Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттері 2026 жылғы наурызда ұлттық валютадағы депозиттердің ұлғаюы есебінен 46,6 трлн теңгеге дейін 1,0% ұлғайды (2026 жылдың басынан бастап 2,9% төмендеді).

Заңды тұлғалардың депозиттері 2,2%-ға 20,4 трлн теңгеге дейін, жеке тұлғалардың депозиттері 26,2 трлн теңгеге дейін ұлғайды.

Ұлттық валютадағы депозиттер өткен аймен салыстырғанда АҚШ долларына қатысты теңге бағамының нығаюы есебінен 1,9%-ға 37,3 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Шетел валютасындағы депозиттер бір айда 2,5%-ға 9,3 трлн теңгеге дейін азайды. Нәтижесінде 2026 жылғы 1 сәуірде долларлану деңгейі 19,9%-ға дейін төмендеді (2026 жылғы ақпанда – 20,7%).

Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2026 жылғы наурызда 16,7% (2026 жылғы ақпанда – 16,8%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 15,0% (2026 жылғы ақпанда – 15,1%) болды.

2026 жылғы наурызда банктердің меншікті капиталы 1,8%-ға 11,2 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2026 жылдың басынан бастап 5,8% өсу).
2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к1) 20,8%-ды, меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к2) – 21,5%-ды құрады, бұл белгіленген нормативтерден едәуір асып түседі және банк секторындағы әлеуетті тәуекелдерді жабуды қамтамасыз етеді.

2026 жылғы наурыздың қорытындысы бойынша банктердің таза пайдасы 592 млрд теңгені құрады, бұл 2025 жылғы наурызға қарағанда 10,8% -ға аз. Банк активтерінің рентабельділігі (ROA) 2026 жылғы 1 сәуірге 3,9% (2026 жылғы 1 наурызда – 4,0%), капиталдың рентабельділігі (ROE) — 26,4% (2026 жылғы 1 наурызда – 26,9%) болды.


Дереккөз: www.gov.kz